ҚАЖЫЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ОТАНЫМЫЗҒА ОРАЛДЫ

21 маусым 2024 1170 0
Оқу режимі

Мекке қаласында қажылық рәсімдерін аяқтаған қазақстандық қажылардың алғашқы легі Отанымызға оралды.

Жидда – Алматы бағыты бойынша тікелей рейспен ұшқан 600-ге жуық отандасымызды наиб мүфти Ершат қажы Оңғар бастаған Қазақстан қажылық миссиясы мүшелері шығарып салған болатын.

Сондай-ақ қажыларымыздың кейбір бөлігі қасиетті Мәдина қаласына аттануда. Олар ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітін зиярат етіп, Мәдина халықаралық әуежайынан елімізге ұшады.

Айта кетейік, биыл елімізден келген 5081 отандасымыз қажылық парызын өтеді. Ал Қазақстан қажылық миссиясы Мекке қаласында ашылған жұмыс кеңсесінде бес бағыт, яғни уағыз-насихат, алғашқы медициналық көмек, ұйымдастыру-үйлестіру, пәтуа беру, ақпарат тарату бойынша жұмыс істеді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру