Қазақстандық бітімгерлер Ливанда толық жауынгерлік әзірлікке келтірілді

02 қыркүйек 2019 5069 0
Оқу режимі

Қазақстандық бітімгерлер Ливанда толық жауынгерлік әзірлікке келтірілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Биыл 1 қыркүйекте Израиль әскері Ливан аумағынан оқ жаудыруына қарсы жауап ретінде Мару Ар-Рас, Айтарун, Ярун (Ливан) елді мекендерінің шет жағына әуеден және артиллериялық шабуыл жасады. БҰҰ жасағы міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындау үшін толық жауынгерлік әзірлікте тұрды. Қазіргі уақытта ешқандай қауіп жоқ. ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілері тарапынан ешкім зардап шекпеген. Жағдай бірқалыпты. Брондалған көліктермен патрульдеу жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Еске салайық, Ливандағы БҰҰ Қарулы күштері миссиясы құрамында Қазақстан Қарулы күштері екінші құрама бітімгерлік ротасының әскери  қызметшілері бар. 

Пікірлер Кіру