ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ ҚАЖЫЛАРЫМЫЗДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІН ҚАСИЕТТІ МЕКЕНДЕ КҮТІП АЛДЫ

15 мамыр 2026 94 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының орынбасары наиб мүфти, қажылық миссиясының төрағасы Кенжетай Байкемелұлы бастаған топ Мәдина қаласындағы халықаралық әуежайдан 166 отандасымызды аман-есен күтіп алды.

Қажыларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы  Миссияның басты назарында. Миссия дәрігерлері тәулік бойы кезекшілікте болады. Арнайы бекітілген медицина мамандары қажылардың жағдайын тұрақты бақылауда ұстайды.

Биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді. Алдағы күндері еліміздің өзге өңірлерінен де тікелей рейстермен қасиетті мекенге келеді. Миссия тарапынан қажылықты ұйымдастыру жұмыстары толық бақылауға алынған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қажылық миссиясы қасиетті сапар барысында бес бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Яғни, ұйымдастыру-үйлестіру, уағыз-насихат, сұрақ-жауап және пәтуа беру, алғашқы медициналық көмек, ақпарат тарату бойынша жұмыс істейді.

.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру