Қазақстан қажылық миссиясы Меккедегі жұмысын аяқтады (ФОТО)

19 тамыз 2019 5549 0
Оқу режимі

Миссия қажылардың басым бөлігінің Мадина қаласына кетуіне байланысты Меккедегі негізгі жұмыстарын тәмамдады. Осыған орай, қажылық миссиясы мүшелері арнайы бас қосып атқарылған шаруаларға есеп берілді.

Ең бірінші ұйымдастыру жұмыстары бойынша тапсырылған жұмыстар барысы тексерілді. Оған қажыларды әуежайдан күтіп алу, шығарып салу, қонақүйлерге орналасуын бақылау, көлікпен қамтылуын реттеу сынды міндеттер жүктелген болатын. Осылайша аталған жұмыстар дер кезінде қолға алынды.

Одан кейін уағыз-насихат бойынша атқарылған істерге есеп берілді. Миссия құрамында келген білікті имамдар өздеріне тиесілі компанияларда уағыз айтып, оның есебін беріп отырды. Қажылық кезіндегі тағы бір маңызды тұсы ол пәтуа беру. Миссия құрамында келген пәтуа бөлімінің маманы да келіп түскен сұрақтарға сол мезетте жауап беріп отырған болатын. Бүгінге дейін дәл осы қажылыққа қатысты 210 сауал түсіп, барлығына шариғат шеңберінде жауап берілді дейді Медет Құрсақов.

Ақпарат тобы да өздеріне берілген міндеттері бойынша есептерін берді. Мекке қаласында түсірілуі тиіс болған уағыздардың барлығы таспаға басылған. Сондай-ақ, Хикмет телерадиостудиясының Youtube арнасында #Қажылықкүнделігі деген атпен бейнематериалдар жарық көруде.

Төртінші мәселе ол қажыларға ем-дом көрсету. Осы уақытқа дейін 1744 отандасымыз дәрігердің көмегіне жүгініпті. Айта кетейік бұл жұмыстар биылғы қажылық маусымы аяқталғанша жалғаса бермек. Ал, миссия мүшелері таң намазынан соң Мадинаға аттанады.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру