«ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТАРИХТА ЕСІМІ ҚАЛҒАН АНАЛАРЫМЫЗДЫҢ КЕЛБЕТІ» ФОРУМЫ ӨТТІ

14 ақпан 2024 1305 0
Оқу режимі

Бүгін Қонаев қаласында ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Алматы облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған  аналарымыздың келбеті» тақырыбында форум өтті. 

Форум жұмысы қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Облыс бас имамы Мадияр Пірімқұлов дұға жасап, елдің амандығы мен тыныштығын тіледі. Бұдан кейін Мадияр Тағайбайұлы алғысөз сөйлеп, Исламдағы әйел адамның мәртебесі, қазақ қоғамындағы аналардың рөлі жөнінде насихат айтты.

Іс-шарада қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазықызы, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, исламтанушы, РАТТ мүшесі, Phd доктор Шамшат Әділбаева мен психолог Бақытгүл Манасова арнайы баяндама жасады. Форумда әулеттің ұйытқысы, отбасының берекесі – әйелдердің қоғамдағы орны, олардың рухани өмірі мен көзқарас, ұстанымдары, қазақ әйелдерінің психологиялық мәдениеті және өзге де мәселелер талқыланды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру