«ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

07 қараша 2023 2135 0
Оқу режимі

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Павлодар облыстық өкілдігінің  ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Қазақ даласындағы әйел мәртебесі» тақырыбында республикалық әйелдер форумы өтті.

Қалалық «Достық үйінің» үлкен конференция залында өткен форумның басты мақсаты – қазақ дәстүрімен біте қайнасқан қасиетті дінімізді, әдет-ғұрпымызды дәріптеу. Форум жұмысын Павлодар облысының және «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бас имамы Жолдас  Қоспақұлы  ашып, келген қонақтарды құттықтады.

Бұдан кейін танымал қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы аталмыш тақырыпты кеңінен толғаса, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева «Исламдағы әйел кісінің мәртебесі», сектордың Алматы қаласы бойынша жетекшісі Гүлмира Ілесбайқызы «Халық педагогикасындағы рухани тәрбие», тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі Лаура Қуандыққызы «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы әйел ролі» тақырыптарында арнайы баяндама жасады.

Форум барысында әртүрлі сұрақ-жауаптар бойынша тақырып кеңінен талқыланды. Павлодар облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» басшысы Гүлназ Мақсұтқызы сөз сөйлеп, форум жұмысын қорытындылады.

«ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

​Дереккөз: mazhab.kz​

Пікірлер Кіру