Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-ге барды

27 қаңтар 2020 4917 0
Оқу режимі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Бүгін Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады. Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездеседі, сондай-ақ, Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барады. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Дереккөз: kazislam.kz

Пікірлер Кіру