«Qamqor-sharapat» орталығының жұмысы пысықталды (ФОТО)

24 желтоқсан 2021 3835 0
Оқу режимі

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ-ға қарасты «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жиыны өтті.

Басқосуға ҚМДБ басшылық құрамы мен облыс бас имамдары, сондай-ақ орталықтың өңірлердегі жауапты өкілдері онлайн режимде қатысты. Алдымен «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Камалжан Тұрдыбаев мекеменің бүгінге дейін атқарған жұмыстарын баяндап берді. Бас мүфти жыл басында ашылған орталық жұмысына оң бағасын беріп, бас имамдарға мекеме жұмысына мүмкіндігінше көмектесуді тапсырды.

«Өздеріңізге белгілі, «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ресми ашылуы өтті. Орталық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Зират және зиярат мәдениеті» құжатына сай жерлеу тәртібін жүргізіп, жүзеге асырады. Бүгінде жерлеу рәсімі шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сәйкес болуымен бірге өркениет көшінен де артта қалмауы керек. Өз кезегінде «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі ұсынған үлгіге сай жерлеу және құлпытас көтеру жұмыстарын бірізділікке келтіру мақсатында үлкен еңбек етіп келеді», – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру