Қалалық мәслихат депутаттары мешіттің жағдайымен танысты (ФОТО)

24 қыркүйек 2021 3466 0
Оқу режимі

Елорда төріндегі «Шейх Кунта қажы» мешітіне Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттары арнайы бас сұғып, құлшылық ордасының жай-күйімен танысып қайтты.

«Жергілікті атқарушы органның этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы» мәслихатының кезекті сессиясына дайындық шеңберінде «Шейх Кунта қажы» мешітіне 30-ға жуық депутат келіп, мешіт ұжымымен кездесу өткізді.

Құрметті қонақтарды мешіт бас имамы Ибрагим Сматаев өзі күтіп алып, мешіт тіршілігін баяндап берді. Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттарына ҚМДБ шығаратын «Иман» журналы мен «Мұнара» газетін, басқа да рухани кітаптар тарту етілді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру