ҚАЛА БАС ИМАМЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН «ALQA» РАДИОСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

05 маусым 2024 1123 0
Оқу режимі

4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздері күні елордада рухани-танымдық «ALQA» радиосының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, жасалып отырған игі бастамаға сәттілік тіледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орайластырылған салтанатты шарада «ALQA» радиосының тұсауын Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібекұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербай, алаштанушы ғалым Айгүл Ісмақова кесті.

Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығында өткен шараға мәслихат депутаты Қанат Естек, Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қайролла Көшқали, белгілі телерадио дикторы Зейін Әліпбек, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми орталығының басшысы Жабай Қалиев, театр және кино актері Әділ Ахметов, қолөнер шеберлері Асхат Бозымбай мен Гауһар Қанатбаева және БАҚ өкілдері қатысты.

Айта кетсек, «Alqa» радиосы Астана қаласы әкімдігінің қолдауы мен Дін істері жөніндегі басқарма басшылығының ұйытқы болуы негізінде ашылып отыр. «ALQA» радиосының негізгі мақсаты – Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін, мемлекет құрушы қазақ халқының төл дүниетанымы мен тұрмыс-салтын, салт-дәстүрін шынайы түрде насихаттау, отандық және шетелдік радиотыңдармандарға Қазақ елін бейбітсүйгіш мемлекет ретінде таныту, ел азаматтары мен елорда тұрғындарын ізгілік пен имандылыққа шақыру, қазақтың бай музыкалық мұрасы арқылы ұлтымыздың рухани кеңістігін сапалы дүниелермен қамту. «ALQA» интернет радиосы өзінің рухани-ағартушылық бағыттағы хабарларын тікелей эфир және таспа түрінде, аудио және кәсіби видео түсірілімдер арқылы таратады.

6 адам және тұғыр кескіні болуы мүмкін

5 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

3 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

6 адам кескіні болуы мүмкін

9 адам кескіні болуы мүмкін

5 адам және "ও ALQA" мәтіні кескіні болуы мүмкін

2 адам және тұғыр кескіні болуы мүмкін

ағаш қасық кескіні болуы мүмкін

11 адам кескіні болуы мүмкін

2 адам кескіні болуы мүмкін

11 адам кескіні болуы мүмкін

10 адам, жаңалықтар бөлімі және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру