ҚАЛА БАС ИМАМЫ «ӘЛ-ФАТТАХ» МЕШІТІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)
Қасиетті Рамазан айына байланысты ҚМДБ Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы Елордадағы құлшылық ордаларын арнайы аралап, тыныс-тіршілігімен тікелей танысуды бастаған болатын. Бас имамның қасиетті айдың соңғы күніндегі сапары бірнеше ай бұрын ғана есігін айқара ашқан «Әл-Фаттах» мешітінде жалғасты.
Бесін намазына жиылған жамағатпен жүздесіп, құлшылық ордасының жай-күйімен жақынырақ танысқан бас имам келесі Рамазан айына аман-есен жетуімізді тіледі.
Мешіттің бас имамы Бағдат Абдукаримов қала бас имамына Рамазан айында жасалған жұмыстар жайында есеп беріп, ораза айт мейрамына қатысты жоспарын баяндады.
Сыйымдылығы 500 адамдық жаңа мешітте Рамазан бойы 90 адамға тұрақты түрде ауызашар берілді. Сондай-ақ, түнрлі қайырымыдық шаралары өтті. Мәселен, әлеуметтік аз қамтылған 5 отбасына 2,5 миллион теңге көлемінде көмек берілді.
Дереккөз: Muslim.kz