Премьер-министр Рамазан айының басталуымен құттықтады

24 сәуір 2020 6114 0
Оқу режимі

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанның мұсылмандар қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Бұл – адамның кіршіксіз таза ниеті мен ізгілікті істері үшін Жаратушының шексіз рақымына бөленетін, ал Ораза ұстап, ауыз бекіту сенімі мен рухын нығайтып, сабыры мен ерік-жігерін дамытатын рухани кемелдену кезеңі.

Рамазан мұсылмандарды ғана емес, біздің еліміздегі өзге дін өкілдерін де біріктіретін мейірім мен қайырымдылық, жомарттық сияқты шынайы адамгершілік қасиеттерді толық тануға жол ашады. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, қажымас жігер мен жақсылыққа деген сенім, бейбітшілік пен амандық тілеймін», –деді Асқар Мамин.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру