ПАВЛОДАРДА ХІIІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН КӘРІМ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

22 тамыз 2024 523 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Павлодар қаласында 2024 жылдың 14-15 қыркүйек күндері қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІІІ республикалық байқау» өтеді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жылдағы дәстүр бойынша ХІІІ Республикалық Құран байқауын 14-15 қыркүйек күндері Павлодар қаласында өткізуді жоспарлап отыр.

Байқау Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтеді.

Құран байқауына қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
  • үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
  • толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
  • үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
  • үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
  • үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін:

  1. Облыс Бас имамының ұсыныс хаты;
  2. Үміткердің анкетасы;
  3. Жеке куәлік көшірмесі;
  4. Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі талап етіледі

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.  

Номинациялар:

Толық Құранды жатқа оқудан;

1-орын авто көлік

2-орын (4 000 000 тг.)

3-орын (3 000 000 тг.)

4-орын (1 500 000 тг.)

5-орын (1 000 000 тг.)                                        

 

Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша;

1-орын (3 000 000 тг.)

2-орын (2 000 000 тг.)

3-орын (1 500 000 тг.)

4-орын (800 000 тг.)

5-орын (500 000 тг.)

Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша;

1-орын (1 500 000 тг.)

2-орын (1 000 000 тг.)

3-орын (750 000 тг.)

Құранды мәнерлеп оқу бойынша;

1-орын (700 000 тг.)

2-орын (500 000 тг.)

3-орын (300 000 тг.)                                        

Жарысқа қатысып, жүлде алмаған әр қариға 70 000 теңге көлемінде 64 үміткерге 4 480 000 теңге беріледі.

Демеушілердің және дін жанашырларының қаржылай қолдауымен өтетін байқаудың жүлде қоры 26 530 000 теңгені құрайды. 

Байқау Діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру