Пәтуаға жауапты қызметкерлердің онлайн жиыны өтті (ФОТО)

18 наурыз 2021 3833 0
Оқу режимі

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлы бөлім мамандары мен қала және облыстардағы пәтуаға жауапты қызметкерлердің қатысуымен онлайн жиын өткізді.

Жиында отбасылық құқыққа (неке қию, ажырасу, нәпақа т.б) қатысты түскен мәселелерді шешу жолдары айтылды. Сондай-ақ ақпан айының қорытынды есебі тыңдалып, діни сұрақ-жауап жұмысын ұйымдастыру жөнінде қажетті нұсқаулар берілді. Діни мәселеде сайтқа мақала жазудың бекітілген тәртібі мен ережесі түсіндірілді. 

Сонымен қатар биылғы Рамазан айының басталуы, ораза тұту үкімдері, пітір садақа мен підия мөлшерін және алтын мен күмістің нисабын анықтау бойынша мамандардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Жиын соңында Сансызбай Құрбанұлы пәтуаға жауапты жергілікті мамандарға өз жұмысына тыңғылықты болуды, діни сұрақтарға уақытылы әрі дұрыс жауап беруді, адамның денсаулығына, өміріне және мал-мүлкіне қатысты сұрақтарға жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру