«ПӘТУА САҒАТЫНДА» ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖАЙТТАР АЙТЫЛДЫ
11 қараша 2023
2141
0
Оқу режимі
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде әр жұма намазынан соң жамағатқа арнайы ұйымдастырылатын «Пәтуа сағатында» бүгін Исламдағы қарыз тақырыбы қозғалды. Астана қаласы бойынша пәтуа жұмыстарына жауапты маман, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Тамирлан Ибраев жамағатқа осы тақырыпта құнды мәліметтер жеткізді.
Атап айтқанда, шариғат шеңберінде қарыз алу мен беру мәселесі, қарызды қайтару және өсімнің түрлері, сауда барысында мән беруге тиісті ережелер мен қағидалар жайында кеңінен айтылды. Кездесу соңында жамағат сұрақтарына кезек беріліп, аталмыш тақырып аясында түрлі мысалдар келтірді.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру