ПӘТУА МАМАНЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА (ФОТО)

22 қазан 2022 2248 0
Оқу режимі

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, исламтанушы Медет Құрмашұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Мысырда өткен халықаралық конференцияға қатысты.

«Пәтуа және тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында өткен VII халықаралық конференция Мысыр Президентінің қолдауымен ұйымдастырылды. Осы елдің пәтуа бөлімі өткізген халықаралық жиынға Ислам әлемінің 91 елінен мүфтилер мен дін ғалымдары, Мысыр мүфтиі Шауқи Ибраһим Аллам мен әйгілі ғалым Әли Жұма арнайы қатысты.

Екі күнге созылған конференцияда әлеуметтік, мәдени және экологиялық даму мақсаттарына жетудегі пәтуаның рөлі талқыланды.

Конференция жұмысы негізінен үш бағытта болды. Бірінші, қатысушылар тұрақты даму мақсаттарына жетудегі пәтуаның рөліне тоқталса, екінші бағыт даму жолындағы кедергілерді шешудегі пәтуаның рөліне арналды. Үшінші бағыт ретінде пәтуа және ұлттық экономиканы қолдау қарастырылды.

Халықаралық жиын барлық пәтуа мекемелерін білім, әлеуметтану, экономика, экология және бұқаралық ақпарат құралдары сияқты әртүрлі даму салаларындағы ғалымдар және сарапшылармен байланыса отырып, пәтуаны дамыту үшін тиімді пайдалануға шақырады. 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру