ОТАНДАСТАРЫМЫЗ НЕГІЗГІ ҚАЖЫЛЫҚ РӘСІМДЕРІН ОРЫНДАДЫ (ФОТО)

18 маусым 2024 1305 0
Оқу режимі

Қасиетті Мекке қаласында ұлы сапарда жүрген отандастарымыз Исламдағы бес парызының бірі – қажылықтың негізгі рәсімдерін орындады.

Қажыларымыз құлшылықтарын ихрам киіп, Мина жазығына жиналудан бастап, Арафатта күні бойы дұға етумен жалғастырды. Сөйтіп Арапа күні ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне сай Мұздалифада түнеді. Ал Құрбан айттың бірінші күні Жамаратта шайтанға тас лақтырып, одан кейін құрбан шалып, қасиетті Қағбаға тауап жасады. Сондай-ақ бүгін Минаға жиналған қазақстандық қажылар Жамаратта шайтанға тас лақтыру рәсімін аяқтайды.

Сондай-ақ санаулы күндерден кейін қажыларымыздың алғашқы легі Джидда қаласы арқылы елге орала бастайды. Қалған бөлігі қасиетті Мәдина қаласындағы ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітін зиярат етеді.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қажылық миссиясы ұйымдастыру-үйлестіру, уағыз-насихат, сұрақ-жауап және пәтуа беру, алғашқы дәрігерлік көмек, ақпарат тарату бағыттары бойынша қажыларға қызмет етуде. Миссия жанынан ашылған алғашқы медициналық көмек көрсету орталығы тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Қажыларымыздың денсаулығы дәрігерлердің бақылауында.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру