Оразада онлайн хатым оқылады (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Карантин жағдайындағы Рамазан» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
«ҚМДБ-ға қарасты «Хикмет ТВ» студиясы арқылы Рамазан айында күн сайын Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бір сағат арнайы онлайн-хатым оқылып, қасиетті Қадыр түнінде Құран Хатым дұғасы жасалады. Сондай-ақ, muslim.kz истаграм парақшасы арқылы онлайн режимде Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті имамдарымен күнделікті «Батамен ел көгерер» атты дұға жасау рәсімі ұйымдастырылатын болады», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Тікелей көрсетілім «24 Хабар» телеарнасында, Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube, Facebook желісіндегі парақшаларында өткізілді.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі