Ораза айт мерекесіне орай Онкология бөлімшесіндегі 130 балаға сыйлық жасалды (ФОТО)

02 мамыр 2022 3233 0
Оқу режимі

Қасиетті Ораза айт мерекесінің құрметіне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығының Онкология бөлімшесінде емделіп жатқан 130 науқас балаға арнайы сыйлық жасады.

Нұр-Сұлтан өкілдігінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жүзеге асқан сауапты шараға Бас имам Ерболат Жүсіпов өзі қатысып, құттықтау лебізін білдірді. Орталық қызметкерлерімен кездесіп, науқас сәбилердің жағдайымен танысты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру