Нұр-Мүбарак университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзара меморандумға қол қойды

20 желтоқсан 2018 7074 0
Оқу режимі

Тәуелсіздік мерекесі аясында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің  делегациясы еліміздегі жоғары білімнің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы ат басын тіреді. Құрметті қонақтарды ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов қабылдады. Кездесу барысында  қос оқу орын арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты тиімді тарапта дамыту мәселелері  талқыланды.

Ректор, профессор Мухаммад әл-Жинди жаңа әріптестікке ерекше ықыласты екендігін, бұл жоғары білім саласында ғана емес, қазақ елінің дамуына да жемісті жобалар беретіндігіне сенім білдірді.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов профессор Мухаммад әл-Жинди мырзаға өз алғысын білдіре отырып университеттің жетістіктерімен таныстырып, «Аl-Farabi university smart city», сондай-ақ әлеуметтік жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Ғалым Мұтанов: «Соңғы жылдары біз университетімізде дінтану және исламтану мамандықтары оқытылып жатыр. Осы орайда шығыстың ұлы философы әл-Фарабидің ізгілікті қоғам туралы идеяларына негізделген университет 4.0 атты жоғары оқу орындарын дамытудың жаңа үлгісін құрғанымызды ерекше атап өткім келеді.Сонымен қатар соңғы жылдары дамыған және дамушы елдер исламдық қаржыландыру жүйесін енгізуге белсене кірісуде. Сондықтан да ислам банкингі мен ислам қаржыландыру саласы бойынша магистрлерді дайындауды да қолға алып жатырмыз», - деді.

Нұр-Мүбарак университетінің  ректоры, профессор Мухаммад әл-Жинди университет басшылығына алғысын білдіріп, заманауаи даму қатарында көш бастап келе жатқан Ұлттық университетке өркендей беруіне тілек білдірді.

Келелі кездесу барысында білім мен ғылым саласы бойынша өзара серіктестікті дамыту мақсатында меморандумға қол қойды. Естелік сыйкәделер жасалып, суретке түсті.

Дереккөз: Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру