«Нұр-Мүбәрак» университеті шығармашылық бәйге жариялайды!

11 қараша 2019 7405 0
Оқу режимі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел тәуелсіздігінің 28 жылдығына  «Тәуелсіздік және дін» атты халықаралық шығармашылық бәйгесі өтпек. Бәйге екі бағытта:

1. Діни өлең-жырлар

Бас жүлде – Қажылық
1-орын: Умра қажылығы
2-орын: 200 000 теңге
3-орын: 100 000 теңге

2. Діни публицистикалық мақала

Бас жүлде – Қажылық
1-орын: Умра қажылығы
2-орын: 200 000 теңге
3-орын: 100 000 теңге

Бәйге мақсаты: Тәуелсіздігімізді ұлықтау, бейбітшілік пен ел дамуындағы діннің рөлі, ұлттық құндылықтарды насихаттау, дәстүрлі тәлім-тәрбиенің асыл жауһарларын таныту, отансүйгіштік ұлы мұратты ұрпақ санасына сіңіру, сан ғасырлар бойы қалыптасқан діни мұра, салт-дәстүрді жас буын бойына дарытып, санасына қалыптастыру. Сондай-ақ жас ақындар мен шығармашыл жастарды қолдау, Отан және дін, туған жер, тәуелсіздік жайлы жаңа туындылардың жарық көріп, насихатталуына ат салысу.

Бәйге шарттары:

1. Қазақстан және алыс-жақын шетелдерде білім алушы студенттер қатыса алады (ЖОО, медресе, колледж).

2. Екі бағытта да бір материалдан ғана қабылданады:  бұрын еш жерде жарияланбаған болуы шарт. 14 қаріп түрімен 1,5 аралықта терілген, (өлең 3 беттен, мақала 5 беттен) аспауы тиіс. Талапқа сай келмейтін туындылар қабылданбайды.

3. Инстаграмм желісіндегі  @nmu_kz аккаунтына және ондағы демеушілерге тіркеліп (подписки), пікір ретінде 3 досын белгілеп, осы ақпаратпен өз парақшасында бөлісу шарт.

Мерзімі: 2019 жылдың 10 желтоқсанға дейін media@nmu.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Қосымша: Үміткердің Аты-жөні, өзі жайлы қысқаша түйіндемеде шығармашылық жетістіктері болса, қоса көрсету қажет. Іріктеуден өткендер Алматы қаласында Нұр-Мүбарак университетінде өтетін ақтық сында арнайы қазылар алдында өз туындысын қорғай алуы тиіс. Іріктеуден өткен шет елде білім алушы студенттердің ақтық сынға қатысуы қарастырылады.

Ұйымдастырушылар: Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан Жазушылар одағы,  «Egemen Qazaqstan»  республикалық газеті» акционерлік қоғамы.

Дереккөз: nmu.kz

Пікірлер Кіру