Наиб мүфти Бас мешіт қызметкерлерімен жалпы жиналыс өткізді (ФОТО)

25 қазан 2018 7011 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымына ҚМДБ Бірінші наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен жалпы жиналыс болып өтті. Жақында ғана Бас мүфти бұйрығымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және Астана қаласының өкілі болып тағайындалған Наурызбай Тағанұлы мешіт ұжымымен танысып, наиб имамдарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Бас мешітттегі оқу-ағарту, уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс және қайырымдылық бағыттары бойынша жауапты қызметкерлер бекітіліп, жұмыс жоспарлары талқыланды. Сондай-ақ, мешіт ішінде жүргізілетін уағыздар тақырыбын да жіті бақылап, көпшілік сұрауына қарай сұрыптап отыру жайы назарға алынды.

Бұған қоса, Наурызбай Тағанұлы қазан айының 28-жұлдызында ҚМДБ жүлдесі үшін қазақша күрестен өтетін V Республикалық турнирді ұйымдастыру жұмыстарына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жауапты қызметкерлерді бекітті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру