Мүфтияттың гуманитарлық көмегі Жылыойға жеткізілді

16 сәуір 2024 1327 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірлерде су апатынан зардап шеккен тұрғындарға жіберген гуманитарлық көмегі Атырау облысына да жетіп, Құлсары қаласына жөнелтілуде.

Жылыой ауданының Құлсары қаласы мен Тұрғызба ауылында халыққа гуманитарлық көмек жеткізілді. Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, бірінші кезекте азық-түлік өнімдері, киім-кешектер мен дәрі-дәрмектер жөнелтілді.

Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қуанышұлы мен еріктілер жұмылып Құлсары қаласы мен ауыл тұрғындарына көмекті жеткізді.

Еске сала кетсек, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қоры Атырауға 114 тонна гуманитарлық көмек жеткізген болатын.

 

 

 


 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру