Мүфтият өкілдері – Қостанай өңірінде
02 сәуір 2024
1226
0
Оқу режимі
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысына арнайы барып, көмек көрсетті.
Делегация құрамында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, қордың маманы Әли Мырзақұлов және Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай және т.б. қызметкерлер бар.
Олар әуелі Арқалық қаласындағы облыстық жедел штабқа бас сұғып, жұмысымен танысты. Содан соң, үй-жайын су басқан тұрғындар көшірілген жатақханаға барып, қажетті тұрмыстық заттарды жеткізді. Сонымен қатар, еріктілерге жәрдемдесу үшін Жангелді ауданына ат басын бұрып, резіңке етіктер, арнайы киімдер, күректер т.б. құралдарды табыстады.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру