МЕШІТТЕ БОЛҒАН ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ

02 қыркүйек 2024 3608 0
Оқу режимі

2024 жылдың 2 қыркүйегінде таңғы сағат 08:30  шамасында белгісіз бір адам темір жол вокзалында тексерістен өткен уақытта сөмкесінде пышақ болған. Вокзал күзетшілері полиция шақырған кезде ол сол жерден қашып «Рахымқызы Раиса ана» мешітіне кірген.

Полиция қызметкерлері патруль шақырып, бір сағаттам астам уақыт бойы арпалысты. Ол полицияларға пышақ кезеп, үстел, орындықтарды лақтырды.

Ақыр соңы қолға түсіп, полиция қызметкерлері оны ұстап әкетті.

Мешіттің біраз мүлкін сындырып, шығынға ұшыратты. 

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі

Пікірлер Кіру