МЕШІТ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ВИКТОРИНАЛЫҚ ОЙЫН ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)

02 қыркүйек 2024 437 0
Оқу режимі

ҚМДБ Жастар ісі секторының Астана қаласы өкілдігі аясында мешіттің белсенді жастарымен рухани сайыс өткізілді.

Игі шара Астана қаласы Жастар ісі секторының «Aqmeshit» мешіті бойынша жауапты маманы Жақып Әлімовтің ұйымдастыруымен жүзеге асып, зейінді жастар «Адамзаттың асыл тәжі» тақырыбы аясында Алла Елшісінің (ﷺ) өмірбаянынан түрлі сұрақтарға жауап берді.

Алда келе жатқан қасиетті Мәуліт айында осы секілді рухани шаралар көптеп ұйымдастырылады, деп атап өтті ҚМДБ Астана қаласы Жастар ісі секторының жетекшісі Рахымжан Жолдас.

Пікірлер Кіру