Медресе түлектері ижаза алды (ФОТО)

09 желтоқсан 2020 4439 0
Оқу режимі

Елордадағы «Астана медресе» колледжінің түлегі Асқар Ибадуллаев пен «Қауам ад-Дин әл-Итқони әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар даярлау орталығының түлегі, қари Мұртаза Балахмет Құран Кәрімнің «Асим» қырағаты – «Хафс» және «Шұғба» риуаяты бойынша ижаза алды.

Бұл қуанышты хабармен алғаш болып А.Ибадуллаевтың ұстазы, «Астана медресе» колледжі директорының бірінші орынбасары Қанат Оңғарбаев бөлісті.

«Ижаза – Құран оқуға рұқсат беретін куәлік. Сонау Жәбірейіл (а.с.) періштеден Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), одан ардақты сахабаларға, олардан табиғиндерге, сөйтіп-сөйтіп Құран ілімін меңгерген ғұлама-хафиздардың тізбегімен келе жатқан 10 қырағат бар. Сол он қырағаттың ішінде Орта Азияда Асим қырағатының Хафс риуаяты кеңінен қолданылады. Жыл сайын медресемізде 2 студент Құран жаттап отырады. Яғни, медресе қабырғасында 3 жыл оқи жүріп, күнделікті уақыт бөліп, Құран жаттауға мүмкіндік беріледі. Ал Асқар Ибадуллаев осы ижазаға қол жеткізу үшін екі жыл Құран жаттап, бір жарым жыл Түркияда он қырағат иесі, ғұлама шейх Осман Аштың жанында сынақ тапсырды. Алла нәсіп етіп, Асқар шәкіртіміз де, Мұртаза қариымыз да Асим риуаятының 2 қырағаты бойынша ижаза алды», – дейді Қ.Оңғарбаев.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру