КӨРІСУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТКІЗДІ (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешітінде 14 наурыз – көрісу күніне орай Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында мерекелік шара өтті.
Мешіттің әйел жамағаты, оның ішінде әжелер буыны наурыз көже дайындап, дастархан жайды. Үлкен буын кіші буынды қонақ етіп, алдағы өмірлеріне амандық тіледі. Ұмытылып бара жатқан игі дәстүрді жаңғыртып, жас буынға үлгі болсын деген ниетпен жайылған дастарханнан мешітіміздің имамдары да дәм татып, лебіздерін білдірді. Қари Жұманазар Садырханов Құран аяттарын оқып, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын тілеп, мұсылман қауымының Рамазан айына аман-есен жетуі үшін дұға жасады. Кейіннен дін мен дәстүрге қатысты викториналық сұрақтар қойылып, апа-әжелерге гүл мен салауат кітапшасы тарту етіліп, құрмет көрсетілді.
Тағылымды шараның өтуіне ұйытқы болған мешіт ұстазы Зарина Шамидуллақызы бүгінгі күннің ізгілікке үндейтінін айтып, алдағы күндерге жақсылық тіледі.
Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: Muslim.kz