«Көктал» мешітінің жамағаты АЛЖИР мемориалды кешеніне зиярат жасады

12 мамыр 2026 128 0
Оқу режимі

7 мамыр күні «Көктал» мешітінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты мен шәкірттері АЛЖИР мемориалды-мұражай кешеніне зиярат жасады. Іс-шараға мешіт ұстазы Бердімұратов Хурсан жетекшілік етті.

Зиярат барысында қатысушылар ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырымен танысып, тарихи орынның маңызы жөнінде мәлімет алды. АЛЖИР лагері 1937–1938 жылдары «халық жауы» деп айыпталған азаматтардың жұбайлары қамалған орын ретінде тарихта қалғаны айтылды.

Мемориалды кешенде жазықсыз жапа шеккен боздақтардың рухына Құран бағышталып, арнайы дұға жасалды. Сонымен қатар өткен тарихтан тағылым алу, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін білу жайында насихат айтылды.

Жиын соңында қатысушылар қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етіп, ел амандығы мен жұрт тыныштығына дұға тіледі.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру