«КӨКТАЛ» МЕШІТІНІҢ ҰЖЫМЫ ҚАРТТАР ҮЙІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ

21 қыркүйек 2026 82 0
Оқу режимі

«Көктал» мешітінің ұжымы қариялардың қал-жағдайын сұрау мақсатында қарттар үйіне ат басын бұрды.

Мешіттің наиб имамы Хұрсан Бердімуратов пен Мұхтар Халық кездесу аясында ата-әжелермен жылы қарым-қатынас орнатып, сүбелі сұхбат құрды. Зиярат барысында ұжым қариялармен жүздесіп, әңгімелесіп, олардың жағдайынан хабар алды. Сонымен қатар «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Мұнара» газеті мен «Иман» журналын табыстады.

Айта кетсек, дінімізде ата-анаға, үлкенге құрмет көрсетуге айрықша мән беріледі. Құран Кәрімде: «Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар» («Исра» сүресі, 23-аят), – деп бұйырылған. Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кішімізге мейірім көрсетпеген, үлкенімізді құрметтемеген бізден емес», – деген (Тирмизи).

Қария – отбасының ғана емес, тұтас қоғамның рухани қазынасы. Олардың өмірлік тәжірибесі мен ақылы кейінгі буынға бағыт-бағдар берсе, батасы елге береке тілеген ізгі ниеттің көрінісі.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру