«КӨКТАЛ» МЕШІТІНЕ ТОЛЫҚТАЙ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ (ФОТО)

10 қыркүйек 2024 268 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Көктал» мешітінің «Ihlas» қыз-келіншектер клубы құлшылық үйінің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады.

Атап айтсақ, осы қыркүйек айының басынан бастап өкілдік бойынша барлық мешіттерде шәкірттер үшін сауат ашу курстары өз жұмысын бастайды. Құран оқып үйрену, тәжуид, ақида, фиқһ, Пайғамбар өмірбаяны сынды пәндер бойынша дәрістер беріліп, жыл соңына дейін халықтың рухани сауаттылығын арттыру бағытында оқу-ағарту жұмыстары жүзеге асады.

Міне, осы игі дәстүр бойынша «Көктал» мешітінің ұстазы Мухлиса Сайдуллақызы бастаған әйел жамағаты құлшылық үйінің ішкі және сыртқы аумақтарына тазалық жұмыстарын жүргізіп, келуші шәкірттер үшін білім алуға қолайлы жағдай жаратты.

«Иманның жартысы болған тазалық мұсылман үшін ең бірінші талап. Адамның ішкі рухани тазылығы да дәл осы сыртқы тазалықтан бастау алады емес пе?! Біздің клуб мүшелері бүгін осы қағиданы негізге ала отырып, мешіт тазалығын ретттеуге бар ықыластары мен күш-жігерін ортаға салды. Алла сауаптан жазсын!», деп атап өтті «Ihlas» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Мухлиса Сайдуллақызы.   

Пікірлер Кіру