«Көктал» мешітінде «дін мен дәстүр» аясында садақ атудан спорттық іс-шара өтті

20 мамыр 2026 68 0
Оқу режимі

«Көктал» мешіті жанындағы «Дін мен дәстүр» бағытының ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтар мен Пайғамбарымыздың сүннетін ұштастырған тағылымды садақ ату сайысы өтті.

Оған жастар белсене қатысып, мергендік сынға түсіп қана қоймай, рухани тәрбие мен бауырмалдықтың маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Сайыс барысында қатысушылар өзара ынтымақ пен достық қарым-қатынасты нығайтып, ұлттық мұрамыздың бір қырымен жақынырақ танысты.

Іс-шараға «Көктал» мешітінің «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты маманы Бердімұратов Хурсан ұстаз жетекшілік етті. Ұстаз жастарға садақ атудың ислам мәдениетіндегі орны мен маңызы туралы насихат айтып, оның адам бойындағы төзімділік, сабырлылық, жинақылық секілді қасиеттерді қалыптастырудағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ жастарды уақытты тиімді пайдалануға, салауатты өмір салтын ұстануға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырды.

   

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру