Көктал мешіті: Жас отбасыларға арналған семинар өтті (фото)

04 мамыр 2023 2874 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы «Көктал» мешітінде «Бақытты жас отбасы» атты жас жұбайларға арналған семинар өтті. Қасиетті Құран аяттарымен басталған жиынға Елорда мешіттерінде неке қидырған жас жұбайлар шақырылып, отбасы құндылығы жайында насихат айтылды.

Мешіттің бас имамы Сәбит Ережепов алғы сөз сөйлеп, бүгінгі жиынның маңыздылығы туралы айтып, қонақтармен таныстырды.

Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы семинарға қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, отбасылық бақытқа жету жолдарын айтты.  Ата-ананы қадірлеу, жұбайлар арасындағы келісім мен теңдік, т.б. тақырыптарда ой өрбіткен бас имам уағызы жаңадан шаңырақ көтергендер үшін үлкен азық болды.

Бас имам насихатынан кейін бүгінгі семинарға арнайы шақырылған психолог Асия Теміршот сөз алып, отбасындағы қарым-қатынас мәселелері мен олардың шешу жолдарын айтты. Кейбір отбасылық кикілжіңдердің шешімі мен бала тәрбиесіндегі атқарылуы керек маңызды әрекеттерді психологиялық тұрғыдан талдап, айшықтап берді.

Шара соңында семинарға қатысушылар өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру