«КӨКТАЛ» МЕШІТІ ЖАҢА ОҚУ МАУСЫМЫНА ШӘКІРТТЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

12 қыркүйек 2024 245 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Көктал» мешіті жаңа оқу маусымының басталуына орай шәкірттерді қабылдап, олардың алғашқы легіне дәрістер басталды.

Құлшылық үйінде әйел жамағатына ұстаздық қызмет атқарып келе жатқан Мухлиса Сайдуллақызы қыз-келіншектер мен Алланың сөзін жаттауға ниеттенген ақ жаулықты аналарымызға «Ілім алудың маңыздылығы» тақырыбында уағыз айтып, биылғы жылы өтетін дәрістердің бағдарламасымен қысқаша таныстырып өтті.

Айта кетсек, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында еліміздің бүкіл мешіттерінде сауат ашу курстары жаңа маусымда өз жұмыстарын бастады. Білім ізденуші жандар үшін құлшылық үйінің есігі әрдайым ашық.

Пікірлер Кіру