ПӘТУА БЕРУ МЕН ДІНИ КІТАПҚА ҚАТЫСТЫ ҚОС СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

06 сәуір 2023 2462 0
Оқу режимі

Бүгін Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Кітаптарды діни сараптамадан өткізу қағидалары жөнінде және пәтуа берудің маңыздылығы туралы  Астана имамдарына арналған семинар өтті.

Біліктілікті арттыруға арналған жиында ҚМДБ Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы алғысөз сөйлеп, бүгінгі жиынның мақсатын атап өтті. Кейін ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі, ғылым докторы Қайырбеков Нұрлан Евфратұлы Ханафи мәзһабының еңбектерімен, «Муфтият» баспасынан шыққан кітапар мен ҚМДБ Сараптау комиссиясынан өткен, яғни рұқсат етілген және рұқсат етілмеген кітаптармен таныстырды.  Сондай-ақ, Астана қаласы бойынша пәтуаға жауапты маман Тамирлан Дарханұлы пәтуа берудің маңыздылығы туралы айтып, жиынды қорытындылады.

Жиын соңында "Muftiyat" баспасынан шыққан кітаптар таныстырылып, қатысушыларға таратылды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру