«КИЕЛІ КИМЕШЕК» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ (ФОТО)

24 ақпан 2023 3489 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша «Киелі кимешек» атты семинар-тренинг өтті. Жиынды «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Эльмира Бұқарбаева орамал туралы Құран сөзін айтып бастап берді.

Семинарға тігін саласы бойынша жеке кәсіпкер, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жанар Жақсығұлова шақырылды. Ол жиналған жамағатқа кимешектің түрлері мен жас ерекшелігіне қарай орамалды тағу үлгілерін көрсетті. Киелі орамалдың тарихымен таныстырып, қазақ аналарының дін шеңберінен аспағанын атап өтті. Сондай-ақ, қазақ дәстүрін дәріптеуші, аталған бірлестіктің белсендісі Күлмаш Төлембай да сөз сөйлеп, ұлттық киімдердің құндылығы жөнінде сөз сөйледі.

Жиналған жамағат көкейдегі сауалдарын қойып, қызығушылықтарын білдірді.       

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру