Кезекті жеңісінен соң мешіт әжетханасын тазалап шықты
05 қыркүйек 2018
7065
0
Оқу режимі
Ағылшындық «Ливерпуль» футбол командасының шабуылшысы Садио Мане жасыл алаңдағы жеңісінен соң мешітке барып, әжетханасын тазалап шыққан. Сенегалдық спортшы ағылшын премьер-лигасының төртінші турында жеңіске жеткеннен кейін Ливерпуль қаласындағы «Әл-Рахма» мешітіне барып, тазалық жұмысына қатысқан.
26 жастағы спортшының бұл әрекеті әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, Садио Маненің нәпсі тәрбиелеудегі әдісін жоғары бағалағандар жеткілікті. Айта кетейік, Мане осы уақытқа дейін қайырымдылық шараларына белсене атсалысып, туған ауылындағы госпиталь, мектеп және мешіт салынуына қаржылай көп көмек көрсетіп келеді.
Пікірлер
Кіру