Кельндағы Орталық мешіттің ашылуына Ердоған қатысатын болды

27 қыркүйек 2018 8176 0
Оқу режимі

Түрік-ислами діни орындар орталығының қолдауымен салынған Германияның Кельн қаласындағы Орталық мешіт 29-қыркүйек күні жамағатқа есігін айқара ашатын болады. Айтулы шараға Түркия президенті Реджеп Ердоғанның қатысуы күтіліп отыр.

Түрік-ислами діни орындар орталығының төрағасы Невзат Яшар Ашикоглу баспасөз конференциясында шараның маңыздылығын атап өтті. «Бұл мешіт Германия мен еуропадағы ең маңызды, ең үлкен құлшылық ордаларының бірі болғалы тұр. Бұл мешіт – бейбітшілік пен ынтымақтың, мәдениеттер достығының үлгісі», – деді ол.

1 250 мұсылман ғибадат өтей алатын құлшылық ордасында басқа да түрлі бөлмелер қарастырылған. Үлкен кітапхана мен қызметтік бөлмелерге қоса, мешіт ғимаратында 600 адамдық конференц зал, көрме салоны, сауда нүктелері мен асхана орналасқан.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру