«KazBeef Processing» қасапханасы сертификатталды (ФОТО)

17 маусым 2020 4762 0
Оқу режимі

Бүгін солтүстік өңірдегі ірі қасапханалардың бірі «KazBeef Processing» кәсіпорны «ҚМДБ Халал» стандарты бойынша сертификатталды.

Жергілікті инспектор-контролер мен ветеринар ісі мамандары қасапханада бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, қасапшыларға «Шариғат және халал стандарты бойынша мал сою, ет өңдеу» тақырыбында арнайы оқу-семинар өткізді.

Бірлесе жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша, қасапханаға «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сату стандарты» талаптары бойынша «ҚМДБ Халал» сертификатын табыстау жөнінде шешім қабылданды.

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «KazBeef Processing» қасапхана басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстап: «Тұтынушыларды таза, адал ет өнімдерімен қамтамасыз ету арқылы, халал индустриясын дамытып, шет елге ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға мол мүмкіндік ашылады.  Осы жолда бірлесе адал еңбек етеміз деп сенемін» деп халалдың маңыздылығын түсіндіріп, алдағы уақытта міндетті айлық тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұратынын жеткізді.

Дереккөз: "Халал Даму" баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру