Исламдық қаржы саласы мамандарының жиыны өтті (ФОТО)

24 мамыр 2022 2991 0
Оқу режимі

Бүгін елордадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында исламдық қаржы саласы мамандарының басын қосқан дөңгелек үстел өтті.

Алқалы жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары Медет Құрсақов, Бауыржан Абдуалиев, «Зекет және қайырымдылық» қорының шариғи сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Нұрлан Айтпаев, сонымен қатар исламдық қаржы нарығының сарапшылары Құралай Елдесбай, Мадина Тұқұлова онлайн қатысты.

Басқосуда негізінен биржада акция сатып алу, сату, келісімшарт жүйелері, еліміздегі монополия туралы заң нормалары талқыланды. Жиында мамандар көтерілген тақырып бойынша өз ойын ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында биржадағы акцияның функциялары толық айқындалып, өнімнің қай түріне монополия жүретіні сараланды.

Айта кетейік, дәл осы тақырыптың шариғи үкімі алдағы уақытта ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісінде талқыланбақ.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру