«ИНАБАТ» ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР КЛУБЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

07 қазан 2024 334 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы кезекті жиналысын өткізіп, жаңа оқу жылының жоспарын бекітті.

Рухани ағарту бағытына қатысты барлық бағыттар бойынша пысықтау жұмыстары жасалынып, ұстаздар қарқынды жұмыс жүргізуге кірісті.

«Инабат» қыз-келіншектер клубы ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының жыл жоспары бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Әлі де қарқынды жұмыс істеп, жоғары нәтижелер көрсетуге дайынбыз!», - деп атап өтті клуб жетекшісі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Нұргүл Әлиханқызы.

Айта кетерлігі, 2018 жылы негізі қаланған «Әзірет Сұлтан» мешіті жанындағы «Инабат» қыз-келіншектер клубы ай сайын қайырымдылық шараларымен айналысып, әйелдер жамағатының басын біріктіріп, игі істерге баулып келеді.

Пікірлер Кіру