«ИНАБАТ» ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР КЛУБЫ «STOPOTLOV» ҚОРЫНА КӨМЕК БЕРДІ (ФОТО)

15 ақпан 2024 1344 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубының мүшелері Астанадағы қараусыз қалған үй жануарларын асырайтын «StopOtlov» қорына  қайырымдылық көмек жасады.

Ерікті Мария Гребенкинаның басшылығымен 2023 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан «StopOtlov» қорының қамқорлығында 3302 ит және 631 мысық (2024 жылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша) бар. Бұл тізім күн сайын өсіп отырады. Қараусыз қалған үй жануарларының саны бойынша бұл Қазақстандағы ең ірі питомник.

«Инабат» қыз-келіншектер клубының қайырымдылық бөлімінің мүшелері «StopOtlov» қорына 155 мың теңге көлемінде барлығы 200 кг PET FOOD DOG, 30 кг PET FOOD CAT құрғақ тағамдарын, 124 кг ботқа тапсырды. Сонымен қатар, «Шашлычок» кафесі де 50 кг-ға жуық сүйектер мен ет кесінділерін өткізіп, көмек қолын созды.

Дереккөз: muslim.kz

 

Пікірлер Кіру