«ИНАБАТ» КЛУБЫ МЕШІТ ИГІЛІГІНЕ ҚАЖЕТТІ ЗАТТАРДЫ СЫЙЛАДЫ (ФОТО)

07 қазан 2024 330 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы мешіт игілігі мен тазалығына қажетті құралдарды сыйға тартты.

Шара барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары Күлсара Бекетқызы («Әжелер мектебі» клубының жетекшісі), Нұргүл Әлиханқызы («Инабат» қыз-келіншектер клубының жетекшісі), Гүлнұр Әбдіманап құлшылық үйінің тазалықшылар ұжымына өздерінің алғыстары мен зор сенімдерін білдіре отырып, Алла үйінің тазалығы үшін күндіз-түні еңбектеніп жүрген жандарға шынайы ықыластары мен ризашылықтарын білдірді.

Айта кетерлігі, 2018 жылы негізі қаланған «Әзірет Сұлтан» мешіті жанындағы «Инабат» қыз-келіншектер клубы ай сайын қайырымдылық шараларымен айналысып, әйелдер жамағатының басын біріктіріп, игі істерге баулып келеді.

Пікірлер Кіру