«ӘР-РАХМАН»: ИҒТИКАФҚА КІРГЕН ЖАМАҒАТҚА УАҒЫЗ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ (ФОТО)

31 наурыз 2024 1266 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «ар-Рахман» мешітінде жиырмаға жуық жамағат иғтикафқа ниет етті. Құлшылық үйінің имамы Жандос Атамбаев он күндік құлшылыққа ниет етіп келіп отырған жамағатқа өзінің уағыз-насихатын айтып, иғтикафтың маңыздылығы мен сауабы жайында баяндап өтті.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Астана мешіттерінде жамағат иғтикафқа деген ниетпен мешітке келуде. Иғтикаф дегеніміз - жамағатпен намаз оқылатын мешітте оразалы күйде қонақтау демек. Қонақтау иғтикафтың іргелі шартынан болып табылады. Рамазанның соңғы он күндігінде иғтикафта отыру сүннет кифая болып саналады. Өйткені Пайғамбарымыз Мәдинаға қоныс тепкен соң оны ешқашан қалдырмай үздіксіз атқарған. Осыған орайда бұл Ардақты Елшіден  қалған бір дара сүннет болып табылады.

Возможно, это изображение 13 человек

Возможно, это изображение 4 человека

Возможно, это изображение 15 человек

Пікірлер Кіру