ИГИШ енді қай елдің аумағына басып кірмек?

02 қараша 2018 6657 0
Оқу режимі

Шетелдік БАҚ құралдары ИГИШ халықаралық террорлық ұйымының ендігі ту тігетін аймағы Иордания болмақ деп болжам жасап отыр. Американдық National Interest агенттігі таратқан ақпаратта Иордания корольдігі АҚШ-тың лаңкестермен күрестегі басты жақтастарының бірі екендігі айтылады.

Алайда, қазіргі уақытта лаңкестер әскеріндегі иордандықтардың үлесі үшінші орында тұрған көрінеді. Бұған қоса, агенттік сарапшылары Иорданияда белең ала бастаған жұмыссыздық пен жоқшылықтың, діни экстремизмнің көрсеткіштерін санамалап шыққан.

Сондай-ақ, Сирия мен Ирак жеріндегі жеңілістерден кейін отанына оралған иордандық лаңкестердің де көбейе түскені айтылады. Иордания үшін қауіп төндіріп тұрған жайттардың бірі – сириялық босқындардың осы елге жаппай ағылуында да болып тұр. Қазіргі уақытта бұл елдегі босқындар саны 658 000 үстінде саналады. Тұрмыстың тапшылығы мен жоқшылық кесірінен босқындардың лаңкестер құрамына қосылып кету ықтималдығы жоғары дейді агенттік қызметкерлері.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру