ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ 47-НШІ МӘЖІЛІСІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
19 желтоқсан 2025
66
0
Оқу режимі
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қонаев қаласында өткен Ғұламалар кеңесінің 47-мәжілісі қорытыланды.
Мәжіліс барысында «Жасанды интеллектен пәтуа алу үкімі», «Клондаудың үкімі», «Бариатриялық хирургия жасатудың үкімі», «Химиялық тазалау арқылы нәжісті кетірудің үкімі» және «Қоғамдық тамақтану орнында қосымша үстеме ақы алу үкімі» тақырыбында әзірленген пәтуалардың мазмұны талқыланып, қабылданды. Сондай-ақ «Қазақстан мұсылмандарының ортақ құндылықтар тұғырнамасы», «Жастардың әдебі мен мәдениеті» сынды құжаттардың мазмұны бекітілді.
Мәжілісте қабылданған пәтуалардың мәтіні ҚМДБ-ның ресми масс-медиасында жарияланады.









Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру