Ғұламалар кеңесінде бірқатар пәтуалар мен құжаттар қабылданды (ФОТО)

09 қазан 2020 4318 0
Оқу режимі

Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің ХХVI мәжілісінде бірқатар пәтуалар мен құжаттар қабылданды.

Атап айтқанда, «Ас беру мәдениеті», «Зират пен зиярат мәдениеті», «Зияткер имам тұжырымдамасы», «Тарихи киелі орындарды зиярат ету ережесі» атты құжаттар мен «Үй сатып алуға жиналған ақшадан зекет беру», «Тұтыну кооперативі арқылы тұрғын үй алу», т.б. пәтуалар қабылданды.

Айта кетсек, мәжіліске ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, мүфтиятты әр жылдары басқарған Ержан қажы Малғажыұлы, Серікбай қажы Ораз және кеңес мүшелері қатысты.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі бүгінгі күнге дейін 24 концептуалды құжат қабылдап, шариғи, әлеуметтік, медицина, отбасы, неке бойынша 85 пәтуаны бекітті. Сонымен қатар кеңес отырысында 8 кітап талқыланып, баспаға ұсынылды.

Пікірлер Кіру