ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ БІРҚАТАР ПӘТУА ҚАБЫЛДАНДЫ

27 мамыр 2024 1007 0
Оқу режимі

Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің 42-інші мәжілісінде бірқатар пәтуа қабылданды.

Атап айтқанда, «Уәкілдік негізінде қаржыландырудың үкімі», «Зекет қаржысына мұқтажға үй алып берудің үкімі»,
«ДНК арқылы текті анықтау үкімі» тақырыбында жазылған пәтуалардың мәтіні талқыланып, бекітілді. Сонымен қатар түркітілдес мемлекеттері мүфтилер алқасының «Ислам жергілікті халық дәстүрін қолдайды» қарары, түркітілдес мемлекеттері мүфтилер алқасының «Орта азия фиқһ мектебінің пәтуа беруге қатысты» ережесі мақұлданды.

Ғұламалар кеңесінің шешімімен бекітілген пәтуалардың мәтіні жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жарияланады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру