ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ БІРНЕШЕ ПӘТУА ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

18 желтоқсан 2024 1317 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің 44-мәжілісінде бірқатар пәтуалар қабылданды.

Атап айтқанда, «Квадробердің шариғаттағы үкімі», «Татуировканың шариғаттағы үкімі», «Дің жасушалары донорлығының үкімі», «Кибербуллингтің шариғаттағы үкімі», «Сурет салудың үкімі» және «Жол жүру ережесін сақтаудың үкімі» тақырыбында әзірленген пәтуалардың мазмұны талқыланып, қабылданды. Мәжілісте қабылданған пәтуалардың мәтіні мүфтияттың ресми ақпарат құралдарында жарияланады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру