ЕРДОҒАН ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ БІРЫҢҒАЙ ӘЛІПБИІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ

03 қараша 2023 2013 0
Оқу режимі

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түркі елдері үшін бірыңғай әліпби жасауды ұсынды.  Бұл туралы Түркия басшысы Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде айтты.

"Біз тіліміз, мәдениетіміз бен тарихымызға негізделген адами қарым-қатынасымызды арттыру үшін жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш салып жатырмыз. Әрине, бірлігімізді нығайту үшін тілдің маңызы зор. Бірыңғай әліпби де маңызды құрамдас бөлік және бұл жерде президенттердің қолдауы маңызды. Жоғары білім кеңесі ұйымымыздың хатшылығына ұсынған ұсынысты біздің ұйым қарастыратынына сенімдімін", - деді Ердоған.

Дереккөз:  Tengrinews.kz

Пікірлер Кіру